Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 13/02/2018 - 10:23
    Мазмұны:

    Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 10 бағыты «Ақылда қала – ақылды ұлт үшін». Жолдау аясында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорымен бірлесе «Мобильді кітапхана» жобасын жүзеге асыруда.

    Жоба аясында қала тұрғындарының қозғалысы көп байқалатын аумақтардағы 15 аялдамалар мен теміржол, автовокзалдарға еліміздің белгілі ақын, жазушыларының шығармалары электронды нұсқада қойылды, олардың ішінде Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Мұқағали Мақатаев, Мағжан Жұмабаев, Бауыржан Момышұлы, Мұстафа Шоқай және т.б. Кез-келген смартфоны бар қала тұрғыны мен қала қонағы мобильді құрылғы арқылы QR кодты сканерлеп, кітаптың электронды нұсқасын ашып, жүктей алады.

    Жобаның мақсаты – кітап оқитын жастардың санын көбейту, отандық ақын-жазушыларымыздың еңбектерін насихаттау, жастарға патриоттық және мәдени тәрбие беру болып табылады.

  • Дата публикации: 13/02/2018 - 10:22
    Мазмұны:

    Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 10 бағыты «Ақылда қала – ақылды ұлт үшін». Осы аталған Жолдау аясында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорымен бірлесе «Мобильді кітапхана» жобасын жүзеге асыруда.

    Жоба аясында қала тұрғындарының қозғалысы көп байқалатын аумақтардағы 15 аялдамалар мен теміржол, автовокзалдарға еліміздің белгілі ақын, жазушыларының шығармалары электронды нұсқада қойылды, олардың ішінде Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Мұқағали Мақатаев, Мағжан Жұмабаев, Бауыржан Момышұлы, Мұстафа Шоқай және т.б. Кез-келген смартфоны бар қала тұрғыны мен қала қонағы мобильді құрылғы арқылы QR кодты сканерлеп, кітаптың электронды нұсқасын ашып, жүктей алады.

    Жобаның мақсаты – кітап оқитын жастардың санын көбейту, отандық ақын-жазушыларымыздың еңбектерін насихаттау, жастарға патриоттық және мәдени тәрбие беру болып табылады.

  • Дата публикации: 20/12/2017 - 15:46
    Мазмұны:

    Үстіміздегі жылғы 15 желтоқсанда А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне және Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт» атты өңірлік патриоттар форумы өтті.

    Форумның негізгі мақсаты - еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін ұлтжандылық пен ерен еңбек көрсеткен, өңірлік жастар саясатының дамуына үлес қосып келе жатқан жастарды марапаттау.

    Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар мен өзге де жергілікті ұйымдардан ұсынылған үміткерлер құжаттары облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссияда қаралып, 7 номинация бойынша үздіктер анықталды.

    Атап айтқанда, «Шығармашылық жеңіс» номинациясы бойынша Әбілқасымов Нұрмұхаммед Қанатбекұлы, «Жүрек жылуы» номинациясы - Бейісов Тортай Ибадуллаұлы, «Алтын жүрек» номинациясы - Сейлханова Назым Оралбекқызы, «Бейбіт күннің батыры» номинациясы - Жанділдаев Еламан Бақытжанұлы, «Үздік спортшы» номинациясы - Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы, «Жігерлі жас» номинациясы - Құсан Еркін Аманкелдіұлы, «Тілі басқа тілегі бір» номинациясын Бондаренко Виолетта Сергеевна иеленіп, марапатталды.

    Марапаттау шарасы концерттік бағдарламамен жалғасты.

  • Дата публикации: 20/12/2017 - 12:08
    кездесу
    Мазмұны:

    Үстіміздегі жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Еркін елдің еріктілері» атты Қызылорда облысы еріктілерінің кездесуі өтті.

    Шараға өңірде еріктілікпен айналысушы ҮЕҰ жетекшілері, белсенді облыс еріктілері қатысты.

    Кездесу барысында «PRO BONO» қоғамдық қорының төрағасы Павел Горбачев «Әлеуметтік еріктілік» және «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының директоры Ольга Чебакова «Еріктілер қозғалысының дамуы» тақырыптарында хабарлама жасап, ұйымдары тарапынан атқарылған жұмыстарымен жобаларына тоқтады.

    Сондай-ақ, «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құрылған «Таза тіл», «Ардагерлер ардақтайық», «Балалар біздің болашағымыз», «Экспо-2017», «Ақпараттық-насихаттық» ерікті топ жетекшілері алғыстарын білдіріп, жыл бойы атқарған жұмыстары туралы айтып шықты.

    Кездесу соңында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е. Меңлібаев қатысушыларды 16 желтоқсан - Қазақстан Республиксының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жыл қорытындысымен белсенді еріктілерді алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

  • Дата публикации: 22/11/2017 - 11:59
    Мазмұны:

    Үстіміздегі жылғы 18-19 қараша күндері Қызылорда қаласында «QYZYLORDA: Білім. Болашақ. Жаңғыру» облыс жастарының дәстүрлі ХІІI форумы болып өтті.

    Форумның бірінші күні «Бастау» бизнес орталығында «XXI ғасырдың жаңа шақыртулары» және «Рухани жаңғыру» тақырыптарындағы екі бағыттағы секциялық жұмыстардан бастау алды. Екі секцияның жұмысына румның 150-ден астам делегаты қатысты.

    «Рухани жаңғыру» секциясы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаевтың жетекшілігімен жүргізіліп, ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Г.Шиповских, танымал саясаттанушы А.Сарым, «Қазақстан КТК одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Е.Елеукен секцияның спикерлер тобын құрады. Секция жұмысы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жастарға бағытталған міндеттемелер төңірігіндегі еркін пікір алмасуға айналды. Жастардың басым көпшілігі өңірде бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру мақсатында қабылданған жобалардың маңыздылығына тоқталды.

    Мәселен, ү.ж. «Мобильді кітапхана» жобасы іске қосылды. Жоба аясында Қызылорда қаласындағы білім беру ұйымдарына жақын орналасқан 15 аялдамада белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын электронды нұсқасын жазып алуларына мүмкіндік жасалды. «Тұлғатану» жобасы аясында жастар Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан белді тұлғалармен бейресми кездесуге мүмкіндік алып отыр. Ал, «XXI ғасырдың жаңа шақыртулары» секциясының модераторы «АТОМ-Media» компаниясының атқарушы директоры Н.Матжани және спикерлері «Инновациялық технологиялық паркі» автономдық-кластерлік қорының басқарушы директоры А.Бралиев, «Грант мастер» ЖШС-нің директоры А.Куанышбаев  елімізде ІТ саласында қабылданып жатқан тың идеялар мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша ақпарат берді.

    Айта кету қажет, алдағы уақытта «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры мен «Грант Мастер» ЖШС, Қызылорда мемлекеттік университетімен ІТ саласындағы жобаларды бірге әзірлеуі мүмкін. Қордың басқарушы директоры А.Бралиев қызылордалық жастарды стартап жобаларына белсенді қатысуға шақырып, олардың бастамаларына көрсетілетін қолдау шараларына тоқталды.

    19 қарашада сағат 11.00-13.00 аралығында «Сұлтан плаза» қонақ үйінде облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы қатысуымен форумның пленарлық отырысы өтті.

    Секцияның жетекшілері І күндік жұмыс қорытындысымен жинақталған ұсыныстарын ортаға салды.

    Мәселен, облыстық жастар жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша хабарлама жасады. Ал, белгілі саясаткер Айдос Сарым «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда Сыр өңірінің алғашқы болып «Өзендер өркениеті» жобасын жүзеге асыруын ұсынды.

    «Инновациялық технологиялық паркі» автономдық-кластерлік қорының басқарушы директоры Алжан Бралиев қордың Цифрлы технология саласындағы жұмыстарымен кеңінен таныстырды.

    Пленарлық отырысқа форум делегаттары, облыстық басқарма басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, ІТ саласының үздік мамандары, оқу орындарындағы және кәсіпорындарындағы жастар комитетінің жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Пленарлық отырыстан кейін Достық үйінде «Qazaqstan» РТРҚ бас продюсері, тележүргізуші Н. Қоянбаев және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің І ғимаратындағы «Мұстафа Шоқай» дәрісханасында «Инновациялық технологиялық паркі» автономдық-кластерлік қорының басқарушы директоры А.Бралиев жастармен OPEN SPACE форматында сұхбат жүргізді.

    Кеш соңында форум қонақтарымен қатысушылар Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыс әкімінің кубогына арналған «Жайдарман» ойынын тамашалады. Ойынға республиканың әр өңірінен 8 белсенді құрама командалар қатысып, өнерлерін көрсетті. Ойын қорытындысымен «Қызылорда облысы әкімінің  кубогын» яғни І орынды - Орал қаласының «Грант» құрама командасы жеңіп алды. Ал, жүлделі ІІ орынды Ақтөбе қаласының «Фемида» командасы, ІІІ орынды «Қызылорда құрамасы» қанжығаларына байлады. Ойынды аймақ басшысы Қ. Көшербаев және 700-ге жуық көрермен тамашалады.

  • Дата публикации: 14/11/2017 - 11:48
    Мазмұны:

    10 ноября текущего года в Московском национальном исследовательско-технологическом университете состоялась встреча акима Кызылординской области К. Кушербаева со студентами-кызылординцами, выпускниками ведущих высших учебных заведений Москвы и Санкт-Петербурга, организованная Кызылординским областным акиматом. В ходе встречи были затронуты темы о перспективах региона,трудоустройстве выпускников, о настоящем и будущем науки и техники в мире.

    Также, была создана Ассоциация "ОРДА", состоящая из кызылординской молодежи, обучающейся в Москве и Санкт-Петербуге.

    По итогам встречи в Посольстве Республики Казахстан был подписан меморандум о сотрудничестве с Российским научным центром, Московским государственным университетом имени М.В. Ломоносова, Российским государственным университетом нефти и газа имени И.М. Губкина и другими учебными заведениями. В рамках меморандума начиная с 2018 года Московский государственный университет им. М.В. Ломоносова планирует выделить по физико-математическим и механико-математическим специальностям 20 грантов на обучение. Это большая возможность для молодежи Сыра в получении знаний.

    Следует отметить, с 2014 года благодаря тесному взаимодействию и продуктивному партнёрству с ведущими техническими вузами Российской Федерации на сегодняшний день 452 выпускника школ области обучаются в Московском национальном исследовательско-технологическом университете (МИСиС), Санкт-Петербургском государственном технологическом университете растительных полимеров, Российском государственном аграрном университете имени К.А. Тимирязева. Если в текущем году на учебу поступило 62 абитуриента, то в 2018 году завершают обучение первые выпускники (76 студентов).

  • Дата публикации: 26/10/2017 - 19:23
    Мазмұны:

    Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі және «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 25 қазанда «Орда» мейрамханасында «Сенің еңбегің, сенің ертеңің» атты облыстық еңбек маусымының жабылу салтанатына орай жастар балы өткізілді.

    Іс-шарада еңбек маусымда белсенді жұмыс жасаған 1035 жасылелдіктің ішінде ең үздік 10 және 5 құрылысшылар жасағының сарбаздарын облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов құттықтап, арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

    Балда, 30 жұптан құралған жастар вальс билеп, одан кейін, қатысушылар арасында лотореялық билеттер мен ойындар ойнатылды. Балдың ең қызықты сәттерінің бірі «Үздік ханзада» мен «Үздік ханшайым» номенантары анықталды.

  • Дата публикации: 26/10/2017 - 16:37
    Мазмұны:

    Үстіміздегі жылдың 25 қазанда облыс әкімі Қ. Көшербаев «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де болып, жыл басынан бері атқарылған жұмыспен танысты.

    Биыл облыстық бюджеттен орталықтың қаржыландыруына 76 млн. 334 мың теңге бөлінді (алдыңғы жылмен салыстырғанда 12 %-ға артық). Орталықтың ғимараты бастан-аяқ жөнделіп, жастармен жұмыс істеу тәсілдерінің жаңа үлгісі қалыптасты.

    Коворкинг орталығында аймақ басшысының назарына бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Атап айтқанда, отбасы мәдениетін арттыруға бағытталған «Ақ отау» инттелектуалды мектебі, IT мамандары арасында VR, AR технологияларын дамыту және насихаттауға арналған «Арман қала», «Жерұйық» рухани жаңғыру кешені, «Кибер-жұма», «Бизнес-старт» сияқты бастамалар.

    Спорт алаңындағы кездесу барысында жастар облыс әкіміне өздеріне бағытталған қолдау мен қамқорлық үшін алғыс білдірді.

  • Дата публикации: 05/10/2017 - 16:13
    Мазмұны:

    2017 жылғы 4-6 қазан аралығында Қызылорда қаласында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» атты республикалық семинар-тренинг өткізілуде.

    Шараның жұмысына «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен әзірленген стандартты және жастар ресурстық орталықтарды бағалау әдістемесін жобасын жүзеге асыру және қолдану бойынша пилоттық жастар ресурстық орталықтары, сондай-ақ, Қызылорда облысының аймақтық жастар ресурстық орталықтарының басшылары және қызметкерлері қатысуда.

    «Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» семинар-тренингі жастармен жұмыс жасаудың негізгі принциптеріне сүйенеді, бағдарламаларды жүзеге асыру және жоспарлауға, жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыру негіздеріне, мониторингілеу және қызметтерді бағалау, халықтың осал топтарынан шыққан жастарға басты назар аударады.

    Семинар бағдарламасы интерактивті әдістері арқылы формалды емес білім беру принциптерін қолданып оқытуды көздейді.

    Семинар–тренингті «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жанынан құрылған жастармен жұмыс жасау бойынша Ұлттық тренерлер пулының мамандандырылған тренерлері жүргізуде.

  • Дата публикации: 04/10/2017 - 18:21
    Мазмұны:

    Үстіміздегі жылғы 2-3 қазанда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар - болашақ энергиясы!» облыстық еріктілер слеті өтті.

    Слет аясында 2 қазанда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін облыстық Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында еріктілерге арналған «Қазақстандағы еріктілер қозғалысы: өткені, бүгін, болашақ» және «Экологиялық ойлау» тақырыптары бойынша «Еріктілер мектебі» семинар-тренинг өткізілді. Семинарды еріктілер қызметін ұйымдастырудағы білікті маман, «Экспо-2017» еріктілері республикалық штабы төрағасының орынбасары Д. Жолдасбаев жүргізіп, еріктіліктің қоғамдағы маңызына әрі қоғамдағы мәселелерді шешудегі тиімді жолдарының бірі екендігін түсіндірді және табиғаттың тазалығына да еріктілердің қосатын үлесі зор екендігіне кеңінен тоқталды. Семинар соңында еріктілерге сертификаттар табысталды.

    Сондай-ақ, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасымен Ұлы Отан Соғысының ардагерлері М. Сырғалиев және тыл ардагері У. Жармахановтың үй шаруасына көмек көрсетілді.

    3 қазанда Астана қаласында 4 маусым - 10 қыркүйек аралығында өткен «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастыру жұмыстарына 40 күн белсене ат салысқан Сырдың 100 ерікті жасы А. Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың, облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемовтың алғыс хаттары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Сонымен қатар, айтулы шарада еріктілер өз өнерлерін ортаға салып, облыстық өлкетану мұражайына «Экспо-2017» еріктілерінің киім үлгісін және үндеу хатын табыстады.

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика