Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

(аналитикалық анықтама 2017 ж.)

Статистикалық мәліметке сәйкес, облыста Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанына 14 пен 29 жас аралығында 192 912 азамат (2016 жылдың басына 201 347 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары – 81 054 (42%), ауыл жастары 111 858 (58%) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 25 пайызын құрайды.

2017 жылдың ІІІ тоқсанына аймағымызда 15-28 жас аралығындағы экономикалық белсенді жастар 98 500 адам (2016 жылғы ІІІ тоқсанында 100,5 мың адам), оның 4500-і жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандары – 94 000, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер – 49 100, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер – 44 900-ді  құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 4,5% құрап отыр (2016 жылғы ІІІ тоқсанында 4,9%).

Экономикалық белсенді емес жастар – 64 222 мың адам, оның ішінде оқудағылар – 54 517 адам, үй шаруашылығында  – 3 367 адам, денсаулығына байланысты үйде – 955 адам, басқа да жағдайлармен – 5 383 адам. NEET санатына жататын жастардың саны 3,3% төмендеді (2016 жылғы ІІІ тоқсанында – 12,0%)(аймақтар арасында 6-шы).

2017 жылы жергілікті бюджеттен 699 796 569 теңге қаржы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға бөлінді (республика бойынша 2 сатыдамыз). Оның ішінде, «Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 117 766 928 теңге қаржы қарастырылған (2016 жылы 18 әлеуметтік жобаға 80 млн. 892 мың теңге). Жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында 25 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 32 575 000 теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды (2016 жылы 26 әлеуметтік жобаға 53 млн. 358 мың теңге).

Басқарманың тапсырысы бойынша жүзеге асырылған 16 жоба аясында 6 орталық пен 1 клуб қызметі, 2 ірі форматтағы шара және әр түрлі бағыттағы 7 әлеуметтік қызмет жұмыстары ұйымдастырылды. Әр түрлі бағыттағы 400 жуық шара өткізіліп, 40 мыңға жуық жас қамтылған.

2018 жылы жастарды әлеуметтендіру, жекелей жұмыстарды жүргізу мақсатында 11 әлеуметтік жобаны (111 млн. 645 мың теңге) жүзеге асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. 2017 жылы грант иегерлері 165 (154-бакалавр, 11-резидентура) мектеп түлегімен толықты, олардың білім беру қызметіне, тамақтану, тұру шығындарына 262 600 000 теңге әлеуметтік көмек ретінде қаржы бөлінді.

Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 109 млн.070 мың теңге қаржы бөлінді (2016 жылы 93 млн. 334 мың теңге).

Өңірімізде 9 «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме, Байқоныр қаласында облыстық орталықтың бөлімшесі жастарға қызмет жасауда. Барлық қызметкерлердің саны 100 және ауылдық округтерде 149 қызметкер жастармен жұмыс жұмыс атқаруда.

ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен бірлесіп орталық  қызметкерлерінің жастармен жұмыс жасауының жаңа моделі қалыптастырылды.

Осы ретте, «Қазақстан Республикасында жастар ресурстық орталықтарды дамыту үшін Жол картасы» аясында ЮНИСЕФ Балалар қоры ұйымы сарапшыларының қолдауымен 2015 жылдан бастап Жастар ресурстық орталықтарының (әрі-қарай ЖРО) директорлары мен мамандарының біліктіліктерін арттыруға бағытталған оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Барлығы 5 семинар-тренинг өткізіліп (164 сағат), оған 73 қызметкер қатысты.

Есепті кезеңде орталықтардың ұйымдастыруымен барлығы 1296 шара ұйымдастырылып, 38880 жас қамтылды. Атап айтқанда, жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бойынша 153 кездесу, Елбасы Үндеуін және Жолдауды насихаттау бойынша - 125 кездесу, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша 127 кеңес беру шарасы, 43 (компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілі) оқыту курсы, 33 психологиялық семинар-тренинг, 37 акция, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша - 93, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында - 5 оқыту курсы, 42 - қайырымдылық, 41 - байқау, 23 - флэшмоб, 25 - бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 6 - мамандықты таңдау бойынша кездесу, 33 - спорттық және 516 басқа да мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.

Әр түрлі бағыттар бойынша 5239 жасқа кеңес берілді (2401–і жұмыссыздық мәселесі, 221–і өз кәсіпкерлігін дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру, 498 мемлекеттік бағдарламалар, 42-і діни мәселелер, 103-і тұрғын үй мәселесі бойынша, 46-і – әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, 101 – біліктілігін арттыру, 408–і психологиялық бағытта және 1419 басқа да әлеуметтік бағыттағы кеңестер).

Орталық жанынан ашылған «Жас маман бөлімі» рекрутинг орталығының қызметін атқаруда. Жастарды жұмыспен қамту бойынша 12 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 28 кеңес беру шарасы өткізілді. Сондай-ақ, «Go working» орталығы жұмысын ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында жұмыссыз жастарға арналған компьютерлік, құқықтық сауаттылық, бухгалтерлік, ағылшын тілі және т.б. қызмет көрсету саласындағы курстар ұйымдастырылып, 100-ден астам жұмыссыз жасқа сертификаттар берілді.

«Жас құрылысшылар» еңбек жасағында маусымдық кезеңде 326 жас жұмыс жасап, оның ішінде 64 жас тұрақты жұмысқа орналасты. «Жасыл ел» еңбек жасағына маусымдық кезеңде 1035 сарбаз жұмысқа тартылды.  Осы сарбаздарымыздың еңбегімен облыс бойынша 250 гектар жерге күтім жасалып, 10 гектар жерге тазарту жұмыстары жүргізілді, Тұңғыш Президент саябағында 100 түп ағаш отырғызылды. Өткен маусымдармен салыстырғанда 2017 жылғы маусымда жасылелдіктердің жалақысы 50 мың теңге болып,  көбейтілді. «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында маусымдық кезеңде 40 тәлімгер жазғы тынығу лагерінде жұмыс жасады.

2017 жылы 16 мыңға жуық жас мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалана алды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 пайызға артқандығын байқауға болады (2016 жылы – 8 мың).

Атап айтқанда, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 198 маман бір жолғы көтерме жәрдемақы иемденді (білім саласы - 114, денсаулық сақтау саласы - 53, мәдениет саласы - 10, әлеуметтік қамсыздандыру саласы - 2, спорт саласы -12, агроөнеркәсіп кешен саласы-7), 559 маманға тұрғын үй алуға немесе салуға жеңілдетілген несие берілді (білім саласы –329, денсаулық сақтау саласы - 175, мәдениет саласы - 20, әлеуметтік қамсыздандыру саласы - 5, спорт саласы - 19, агроөнеркәсіп кешен саласы - 11).

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысушы ретінде 28 001 адам енгізілсе, оның 12737-і жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 9 820 жас (16-29 жас аралығында) қамтылды.

Бірінші бағыт – Қысқа мерзімдік оқу курстарына барлығы - 2 641  жас жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.

Екінші бағыт – Жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 937 адам белгіленген болса;

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 6 топ бойынша курстар жүргізілді. Бүгінгі күнге оқуға жолданған 353 жастың ішінде 132-не шағын несие берілді.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы;

Әлеуметтік жұмыс орындарына 505 адамды жолдау жоспарланса, нақты 327 мекеме, кәсіпорындарға 1 108 адам (400 - жастар) жолданды, соның ішінде 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар тәжірибесіне 1 483 адамды жолдау жоспарланса, нақты 678 мекеме (2016 жылы - 571), кәсіпорындарға 1 726 адам (2016 жылы - 1094) жолданды, соның ішінде 184–і тұрақты жұмысқа орналасты (2016 жылы - 365).

Қоғамдық жұмыстармен (жоспар 5806 адам) 6 249 жұмыссыздар қамтылып, Қоғамдық жұмыстармен (1 914 - жастар) мерзімі аяқталғандардың 644-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, тоқсан сайын жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша жастардың қанағаттанарлық деңгейі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы анықталды. ІV тоқсанның нәтижесіне сәйкес жастар арасында жүргізілген сауалнаманын «Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясатымен сіз қанағаттанасызба?» деген сұраққа 92 пайыз жас тұрғыны «ия» деп жауап берді.

Қызылорда облысында 2017 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

(аналитикалық анықтама)

Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.

2016 жылы аймағымызда экономикалық белсенді жастар 97 мың 500 адам (15-28 жас аралығындағы), оның 4 700 азаматы жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандар - 92 800, жалдамалы қызметкерлер - 53 500, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер - 39 200, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.

Жыл басынан облыстық жастар ресурстық орталығымен жастарды жұмыспен қамту бойынша 5 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 2135 жасқа кеңес беру шарасы өткізілді. Олар, қалалық сауда орындарында жалдамалы жұмыс жасайтын жастарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында сала мамандарымен кездесулер өткізілді. Қызылорда қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарында бітіруші студенттерінің ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Жоғары және орта оқу орындарының жастарына «Сен кәсіпкерсің» тақырыбында бір күндік оқыту курсы өткізілді. Барлығы 35 жас қамтылды. Курс соңында жастарға арнайы сертификаттар табысталды.

Есепті кезеңінде барлық жастар ресурстық орталықтары тарапынан әр түрлі бағыттағы 838 шараға 26 240 жас тартылды. Атап айтқанда, жастар арасында діни ағымдардың алдын алу бойынша 135 кездесу, Елбасы Үндеуін және Жолдауды насихаттау бойынша - 112 кездесу, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша 89 кеңес беру шарасы, 21 (компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілі) оқыту курсы, 24 психологиялық семинар - тренинг, 35 (23қолдау, 12 денсаулық) акция, қылмыстың алдын алу бойынша - 62, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында - 5 оқыту курсы,  28 қайырымдылық шара, 36 - байқау, 23 флэшмоб, 19 - бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 6 – мамандықты таңдау бойынша кездесу және 243 басқа да мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Әр түрлі бағыттар бойынша 4772  жасқа кеңес берілді (2135–і жұмыссыздық мәселесі; 216-і өз кәсіпкерлігін дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру; 489-і мемлекеттік бағдарламалар; 42 -і діни ағымдар; 96-і тұрғын үй мәселесі, 46-і әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, 88-і – біліктілігін арттыру, 401-і психологиялық бағытта және 1259 басқа әлеуметтік бағыт бойынша).

Атап айтқанда, 8 ақпанда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев жыл сайын облыс әкімінің атынан тағайындалатын білім гранттарының иегерлерімен кездесті. Сыр өңіріндегі сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алып жатқан 130 студент облыс әкімімен бейресми жағдайда жүздесіп, пікір алысты. Аймақ басшысы оларға оқуда табыс тілеп, жастардың болашағы үшін сапалы білімнің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ү.ж. 25 қаңтардағы Үндеуі және 31 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын мәселелерді кеңінен түсіндіру мақсатында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жанынан жастардың 3 мобильді тобы құрылып, 17 ақпаннан 31 наурызға деиін Қызылорда, Байқоңыр қаласы, барлық аудандарының орталықтарында және 48 ауылдық округтерде жастармен, жастар саясаты саласындағы жауапты мамандармен кездесті. Аталмыш топ құрамына облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталықтары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның филиалы, белсенді жастар ұйымдарының өкілдері кірді.

Топ мүшелері алғашқы түсіндірме жұмыстарын барлық жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, кәсіпорындардағы жұмысшы жастар арасында жүргізді.

Сондай-ақ, «Абзал және К» ТС-де, «ҚТЖ – ЖТ тасымалы» АҚ – «ТС Қызылорда бөлімшесі» филиалдарында түсіндіру жұмыстары бойынша кездесулер өткізілді. Аталған кездесуде «Қазақстан Тұрғын Үй жинақ Банкі» ҚОФ мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директоры мен бөлім басшысы, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы жұмыстарын жүргізді. Шараларға барлығы 70-ға жуық жұмысшы жастар қатысты.

28 ақпанда «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында «Жүрек жылуы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты, көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық концерт өткізілді.

Облыс бойынша басқарма мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын мерекелеуді ұйымдастыру мен өткізу» жоспарына сәйкес мерекені кең көлемде атап өтті. Бірнеше мәдени-көпшілік, қайырымдылық, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.

Облыстағы белсенді жастар ұйымдарының бастамасымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Стоп қылмыс» қоғамдық рейді өткізілді. Қоғамдық рейдке «Нұр Отан» партиясы, ІІД ювеналды полиция бөлімшесі, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, жастар ұйымдары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің өкілдері қатысты.

3 күндік шара барысында 4 топқа бөлінген мамандар барлығы 30-дан аса нысанды (түнгі клубтар, кафе-барлар, PS ойынханаларында, ойын-сауық кешендерінде, кальян-барлар) аралап, жасөспірімдерге түнгі 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерде, 23.00-ден кейін қоғамдық көшеде қараусыз жүруге болмайтындығын ескертті.

Нәтижесінде, түнгі уақытта заңды өкілдің ертіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған 12 жасөспірім анықталып, оған жол берген 2 жеке кәсіпкерге көрілген әкімшілік шара сотқа жолданды.

Сонымен қатар, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 28 наурыз – 6 сәуір аралығында барлық аудандағы жастар ресурстық орталықтары және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандарына арналған біліктіліктерін арттыру оқу семинарлар өткізілді.

Қатысушыларға мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, мемлекеттік бағдарламалар туралы сала мамандары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастармен жұмыс жасайтын мамандардың ұсыныс, пікірлері тыңдалды.

Шараға облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және туризм басқармаларының мамандары, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Байқоңыр қаласындағы филиалының директоры, «Халықаралық пікір-сайыс оқыту ассоциациясы» бағдарламасының үйлестірушісі, «Сана» зияткер жастар мектебі ҚБ-нің төрағасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшылары қатысты. Оқу семинарларға 170-ке жуық сала мамандары қамтылды.

Құрылған күні: 28-01-2017 12:43
Жаңартылған күні: 16-01-2018 16:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика