Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

 

Қызылорда облысы әкімінің  27.06.2018 жылғы № 835-ө өкімімен тағайындалды.
 

 

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндеттері
 
◦ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
◦ жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау;
◦ жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
◦ жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
◦ азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;
◦ өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз ету;
◦ жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;
◦ жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу;
◦ жастар ресурстық орталықтарын қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
◦ өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;
◦ қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық байланысты нығайту жөнінде шаралар қолдану;
◦ Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;
◦ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыруды жүзеге асыру.
 
 
Өмірбаяны
  

Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы 1982 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысының Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2005 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша  бітірген.

06.07.2005ж.-28.03.2006ж. - Қызылорда облыстық соттар әкімшілігінің іс-тіркеушісі;

28.03.2006ж.-01.09.2006ж. - З.Шүкіров атындағы №20 мектебінің лаборанты;

08.12.2006ж.-22.05.2007ж. - «Сыр кәсіпкерлері» Қызылорда кәсіпкерлерінің аймақтық ассоциациясының атқарушы директоры;

22.05.2007ж.-24.09.2007ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы;

24.09.2007ж.-10.10.2007ж.  - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің жетекші маманы;

10.10.2007ж.-14.03.2008ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы;

14.03.2008ж.-02.02.2009ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы;

02.02.2009ж.-17.01.2011ж. - Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің бас маманы-бас хатшысы;

17.01.2011ж.-22.11.2011ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жасау бөлімінің бастығы;

22.11.2011ж.-15.01.2013ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің бастығы;

15.01.2013ж.- 12.11.2014ж. - облыс әкімі аппаратының бас инспекторы;

12.11.2014 -12.10.2015ж. - Арал ауданы әкімінің орынбасары;

12.10.2015ж.-25.07.2016ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;

25.07.2016- 26.06.2018ж. – Қызылорда қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

27.06.2018ж. бастап – Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

     

Құрылған күні: 30-01-2017 09:24
Жаңартылған күні: 11-07-2018 10:36

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика