«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өңірде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады.

Үстіміздегі жылы «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2020 жылға дейінгі Жол картасы» әзірленді. Жол картасына 10 бағыт бойынша 32 нысаналы индикатор енгізілді. Жол картасы аясында өңірде жастар арасында қалыптасып отырған әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында салаларалық байланыс күшейтіледі.

Сонымен қатар, жастар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» облыс әкімімен бекітілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығында NEET санаттағы жастардың модулі құрылуда. Модульдің негізгі мақсаты осы санаттағы жастардың көрсеткішінің өсу динамикасын бақылау және оларға әсер етуші факторларды анықтау, сәйкесінше олармен адресті жұмыстарды жүргізу.

Құрылған күні: 27-01-2017 16:25
Жаңартылған күні: 19-04-2017 15:18

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика