Новость:: 

Үстіміздегі жылдың 25 ақпанда Қызылорда қаласында облыстық Жастар жылының ресми ашылуы өтті. Ашылу аясында облыс әкімінің орынбасыры Р. Рүстемовтың аймақтың белсенді жастарымен кездесу, жастарға арналған «Ашық есік күні» мен кеңес беру шаралары, студенттер арасында баскетболдан облыстық турнирі, жергілікті жас өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт және т.б. шаралар ұйымдастырылып, оларға 2500 мыңға жуық жас қатысты.

Атап айтқанда, 10.00-17.00 сағат аралығында «Еуразия» спорт кешенінде «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы ұйымдастырылып, әр түрлі сала мамандарының қатысуымен барлық санаттағы жастарға кеңес берілді.

Шара барысында 22 мемлекеттік мекеме, ҚР Ұлттық банкі Қызылорда филиалы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызметкерлері өз салалар бойынша (кәсіпкерлік, «Серпін», облыс әкімінің гранттары, «Дипломмен ауылға», тұрғын үй, психологиялық кеңес, жолақы, жеңілдік-қолдау көрсету, құжат рәсімдеу, азаматтылықты алу, жұмыспен қамту, шығармашылық, спорт және т.б. мәселелер) жастарға қажетті ақпараттар беріліп, мекемелер тарапынан 121 жұмыс орындары ұсынылды. Облыстың 19 оқу орындары мамандары қазіргі заман талабына сай мамандықтар бойынша кәсіби бағдар жүргізді. Шарада 1230 жас қамтылды.

15.00-19.00 сағат аралығында «Мұз айдыны» мұз сарайында тегін конькимен сырғанау ұйымдастырылды. Оған 400 жас қатысты.

Сонымен қатар, мұз сарайында жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан және аула клубтарынан құралған жастардың қатысуымен баскетболдан қалалық турнир 13 команда арасында өткізілсе, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының жастары және колледж студенттерінен құралған 4 команда арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. 300-ге жуық жастар қамтылды.

17.00 сағ. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов аймағымыздың жастар активімен кездесті. «Senin ýaqytyń» атты кездесу білім, мәдениет, ғылым, спорт саласында биіктерді бағындырған белсенді жастар мен олардың креативті идея мен ұтымды ұсыныс алаңына айналды, мақсаты айқын, жастардың тың бастамалары мен өзекті мәселелері қозғалды. Шараға жиналған жастардың саны - 130 адам.

Мерекелік күн «Еуразия» спорт кешенінде жергілікті жас өнерпаздардың қатысуымен концертімен аяқталды.  Кеште Сыр өнерпаздары Н. Нураддинова, Б. Бектұрғанова, А. Коңырбай және «МONTE KARLA» тобы жанды дауыста түрлі әндер шырқады. Қамтылғандар жастар саны 400 жуық.

Қазақ
Фото новости: 
Кеңес беру шарасы
Құрылған күні: 27-02-2019 16:11
Жаңартылған күні: 27-02-2019 16:11

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
12 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика