Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

(2019 жылдың IІІ тоқсаны бойынша)

 

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында 2019 жылдың ІІІ тоқсанында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бірқатар шараларды  жүзеге асырды.

Бұл мақсатта басқармада тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру,  бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы  қызметшілермен әңгімелер өткізілді.

Басқарманың жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшісіне сынақ мерзімінен өту жайлы, Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №1072 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесімен» таныстырылды, оған жеке жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы көбейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге таратылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы әзірлеген жадынамалар басқармада, Жастар ресурстық орталығында  көпшілікке көрінетін жерлерге орналастырылды.

2019 жылдың IІІ тоқсанында басқарма қызметкерлері тарапынан  Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.


Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

(2019 жылдың IІ тоқсаны бойынша)

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында 2019 жылдың ІІ тоқсанында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бірқатар шараларды  жүзеге асырды.

Бұл мақсатта басқармада тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру,  бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы қызметшілермен әңгімелер өткізілді.

Сондай-ақ,  бұл мақсатта басқарма қызметкерлерімен  өткізілетін құқықтық оқыту сабағының мүмкіндіктері пайдаланылуда.

Басқарманың мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшісі Ә. Мыңтайға 2019 жылдың 20 тамызына дейін сынақ  мерзімі белгіленіп, одан өтуіне тиісті көмектер берілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №21 бұйрығымен бекітілген «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттары және тәлімгерлерді бекітудің тәртібіне» сәйкес бейімделу жоспары жасалып, басшылыққа алынуда. Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №1072 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесімен» таныстырылды, оларға жеке жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы көбейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге таратылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы әзірлеген жадынамалар басқармада, Жастар ресурстық орталығында  көпшілікке көрінетін жерлерге орналастырылды.

Басқарма қызметкерлері  Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне байланысты аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ, алғашқылардың қатарында Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Басқарма қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, ішкі ұжымдық тәртіпті орнықтыру мақсатында мекемеде құрылған тәртіптік комиссия жұмыс атқарады.

2019 жылдың IІ тоқсанында басқарма қызметкерлері тарапынан  Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.


Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

(2019 жылдың I тоқсаны бойынша)

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында 2019 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бірқатар шараларды жүзеге асырды.

Бұл мақсатта басқармада тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру,  Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы  қызметшілермен әңгімелер өткізілді.

Сондай-ақ, 2019 жылғы 21 қаңтарда басқарма қызметкерлерімен құқықтық оқыту сабағы өткізілді. Онда «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында облыс бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары  бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Искаков Мұратбек Тұрғанбекұлы, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік сатып алу бойынша эксперті Рақымжанова Айгерім Жеңісбекқызы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқарманың жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілері Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №1072 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесімен» таныстырылды, оларға жеке жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек берілді.

Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері 14 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік органның интранет-порталы (ИПГО) арқылы жүргізген электронды сауалнамаға қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы көбейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге таратылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы әзірлеген жадынамалар басқармада, жастар ресурстық орталығында көпшілікке көрінетін жерлерге орналастырылды.

Басқарма қызметкерлері Халықаралық әйелдер күнін және Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде  аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті.

Басқарма қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, ішкі ұжымдық тәртіпті орнықтыру мақсатында мекемеде құрылған тәртіптік комиссия жұмыс атқарады.

2019 жылдың I тоқсанында басқарма қызметкерлері тарапынан Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.


Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

(2018 жылдың IV тоқсаны бойынша)

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында 2018 жылдың ІV тоқсанында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бірқатар шараларды жүзеге асырды.

Бұл мақсатта басқармада тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы қызметшілермен әңгімелер өткізілді.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №1072 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесімен» таныстырылды.

Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» тақырыбындағы облыстық байқауда басқарманың командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Басқарма мен оған қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында кадр саясатында меритократия принциптерін ендіруге бағытталған шекті келісім жасалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы көбейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге таратылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы әзірлеген жадынамалар басқармада, облыстық жастар ресурстық орталығында  көпшілікке көрінетін жерлерге орналастырылған.

Басқарма қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, ішкі ұжымдық тәртіпті орнықтыру мақсатында мекемеде құрылған тәртіптік комиссия жұмыс атқарады.

2018 жылдың IV тоқсанында басқарма қызметкерлері тарапынан  Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.


Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

(2018 жылдың IІІ тоқсаны бойынша)

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында 2018 жылдың ІІІ тоқсанында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бірқатар шараларды  жүзеге асырды.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері «Forever» Жеке тұлғалық дамыту орталығы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының 2018 жылғы 7 қыркүйегінде ұйымдастырған «Мен және менің отбасым» семинар –тренингіне қатысты.

Басқарма мен оған қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында жасалған кадр саясатында меритократия принциптерін ендіруге бағытталған шекті келісімнің орындалуы қатаң бақылауға  алынуда.

2018 жылдың 12-14 қыркүйегінде басқарманың жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Н. Мықбасов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Орта Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы өткізген «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбындағы аймақтық семинар-тренингке қатысты.

Басшылық тарапынан мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақытын сақтауын қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің,   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары қатаң басшылыққа алынып келеді.

Басқарманың ақпараттық-сараптамалық бөлімінің бас маманы А. Сабанбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер мен жастар арасында бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін «Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру механизмдері» тақырыбындағы аймақтық пікірсайыс турнирінің жеңімпаз командасының мүшесі ретінде 29-30 қыркүйекте өткен республикалық деңгейдегі ойындарға қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы көбейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге таратылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы әзірлеген жадынамалар басқармада, Жастар ресурстық орталығында  көпшілікке көрінетін жерлерге орналастырылған.

Басқарма қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, ішкі ұжымдық тәртіпті орнықтыру мақсатында мекемеде құрылған тәртіптік комиссия жұмыс атқарады.

Есепті кезеңде жағымсыз себептермен қызметтен босатылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.

2018 жылдың IІІ тоқсанында басқарма қызметкерлері тарапынан  Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

 


Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

(2018 жылдың IІ тоқсаны бойынша)

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында 2018 жылдың ІІ тоқсанында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бірқатар шараларды  жүзеге асырды.

Бұл мақсатта басқармада тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы  қызметшілермен әңгімелер өткізілді.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №1072 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесімен» таныстырылды.

Үстіміздегі жылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» тақырыбындағы облыстық байқауда басқарманың командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Басқарма мен оған қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында кадр саясатында меритократия принциптерін ендіруге бағытталған шекті келісім жасалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы көбейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге таратылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы әзірлеген жадынамалар басқармада, Жастар ресурстық орталығында  көпшілікке көрінетін жерлерге орналастырылған.

Басқарма қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, ішкі ұжымдық тәртіпті орнықтыру мақсатында мекемеде құрылған тәртіптік комиссия жұмыс атқарады.

2018 жылдың IІ тоқсанында басқарма қызметкерлері тарапынан Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.


Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

(2018 жылдың I тоқсаны бойынша)

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында 2018 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бірқатар шараларды  жүзеге асырды.

Бұл мақсатта басқармада тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы қызметшілермен әңгімелер өткізілді.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №1072 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесімен» таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы көбейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге таратылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы әзірлеген жадынамалар басқармада, Жастар ресурстық орталығында  көпшілікке көрінетін жерлерге орналастырылды.

Басқарма қызметкерлері Халықаралық әйелдер күнін және Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. 22 наурызда орталық алаңда өткен Наурыз мерекесінде Шығыс  жастарының жалынды жетекшісі Ғ. Мұратбаевтың өмір жолына арналған «Шығыс жұлдызы» тақырыптық киіз үй тігіліп, тарихи материалдар қойылды.

Басқарма қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, ішкі ұжымдық тәртіпті орнықтыру мақсатында мекемеде құрылған тәртіптік комиссия жұмыс атқарады.

2018 жылдың I тоқсанында басқарма қызметкерлері тарапынан Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.


Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар

(2017 жылдың I жартыжылдығы бойынша)

Басқармада тұрақты түрде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы қызметшілермен әңгімелер өткізілді.

Қызылорда облысы әкімі аппаратының “Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен” келісіліп, 2017 жылдың 15-26 мамыры  аралығында басқарма қызметкерлерін құқықтық оқыту жүзеге асырылды. Курс сабақтарында әр түрлі сала бойынша білікті мамандар лекциялар оқыды. Атап айтқанда:

- «Мемлекеттік сатып алу: басқару тәсілдері және оны ұйымдастыру», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес- қоғамның өзекті мәселесі», «Еңбек Кодексінің еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі», «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы (жаңалықтарға шолу», «Міндетті медициналық сақтандыру жайлы» тақырыптарында лекциялары тыңдалды. 2017 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау жүргізілді. Барлық мемлекеттік қызметшілер бағалау қорытындысымен «өте жақсы» деген бағалар иемденді. 3 мемлекеттік қызметшілер аттестациядан өтіп, «атқаратын мемлекеттік қызметіне сәйкес» деген аттестациялық комиссияның шешімі қабылданды. Ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап мамыр айының аяғына дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нұсқауы бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексі талаптарының сақталуына анықтау жұмыстарының жүргізілуі бойынша басқарма қызметкерлері жазбаша таныстырылды.

Басқарма қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, ішкі ұжымдық тәртіпті орнықтыру мақсатында мекемеде құрылған тәртіптік комиссия жұмыс атқарады.

2017 жылдың IІ тоқсанында басқарма қызметкерлері тарапынан  Әдеп Кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.


Үстіміздегі жылғы 16 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-ші оқу ғимаратында, облыстық басқармалар, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің баспасөз хатшылары мен ақпараттық жұмысқа жауапты мамандарына, журналистерге әлеуметтік желідегі SMM негіздерін түсіндіру, контент маңызын дамытудың жолдарын үйрету мақсатында, облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руxаниятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «SMM негіздері және желідегі контент» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды «Қазақстандық блогерлер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, танымал блогер Аршат Ораз жүргізіп, әлеуметтік желідегі әдеп, нетикет туралы түсінік қалыптасуы мен сауатты жазу бойынша түсіндірді.

Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ, аталмыш семинарға басқарманың ақпараттық-аналитикалық бөлімінің әдіскері А. Қ. Алпысбай және облыстық жастар ресурстық орталығының ақпараттық талдау және кеңес беру бөлімінің аға кеңесшісі А. Сейткали қатысып, сертификаттар иеленді.


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ү.ж. 25 қаңтардағы Үндеуі және 31 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын мәселелерді кеңінен түсіндіру мақсатында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жанынан жастардың 3 мобильді тобы құрылып, 17 ақпаннан 31 наурызға дейін Қызылорда, Байқоңыр қалалары, барлық аудандарының орталықтарында және 48 ауылдық округтерде жастармен, жастар саясаты саласындағы жауапты мамандармен кездесті. Аталмыш топ құрамына облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталықтары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның филиалы, белсенді жастар ұйымдарының өкілдері кірді.

Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшыларының қолдауымен жастар ресурстық орталықтарын дамыту бойынша Жол Картасы» аясында үстіміздегі жылы 9-13 қаңтарда жастар ресурстық орталықтарының басшыларына арналған көшбасшылық және басқару бойынша семинар-тренингін ұйымдастырылды. Орталықтардың барлық директорлары мен 13 бөлім басшысы қатысып, сертификаттар алды.

Сондай-ақ, осы бағыттағы семинар-тренингі 13-16 наурыз аралығында барлық орталықтың басшылары мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлеріне арнап өткізілді. Нәтижесінде, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 28 наурыз – 6 сәуір аралығында барлық аудандағы жастар ресурстық орталықтары және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандарына арналған біліктіліктерін арттыру оқу семинарлар өткізілді.

Қатысушыларға мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, мемлекеттік бағдарламалар туралы сала мамандары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастармен жұмыс жасайтын мамандардың ұсыныс, пікірлері тыңдалды.

Шараға облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және туризм басқармаларының мамандары, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Байқоңыр қаласындағы филиалының директоры, «Халықаралық пікір-сайыс оқыту ассоциациясы» бағдарламасының үйлестірушісі, «Сана» зияткер жастар мектебі ҚБ-нің төрағасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшылары қатысты. Оқу семинарларға 170-ке жуық сала мамандары қамтылды.

Құрылған күні: 27-01-2017 17:53
Жаңартылған күні: 09-12-2019 15:29

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика