Новость:: 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылғы 3 сәуірде облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы Шиелі ауданында Ы. Жахаев ауылының Мәдениет үйінде өтті.

Отырыс барысында 2017 жылдың 24 сәуірде № 766 облыс әкімімен бекітілген Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасының орындалуы, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар және Қызылорда облысы, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы хабарламалар тыңдалды.

Кеңестің аясында облыс әкімі Шиелі кентінде мемлекеттік рәміздер алаңы мен «Рухани жаңғыру» аллеясының ашылу салтанатына қатысты.

Сонымен қатар, аймақ басшысы аудандағы шаруа қожалықтарына тұрақты жұмысқа орналасу үшін 10 жасқа және «Жаxаев ізбасарлары» еңбек лагеріне жолданатын 10 жасқа жолдама табыстады.

Шара барысында қатысушыларға қолөнер көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.

Кеңеске облыстық департамент және басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері және орынбасарлары, ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, белсенді жастар ұйымдары, жоғары оқу орындардың ректорлары, барлығы 200-ге жуық қатысушылар болды.

Қазақ
Фото новости: 
кеңес
Құрылған күні: 04-04-2019 11:52
Жаңартылған күні: 04-04-2019 11:52

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика