Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

 

2018 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

Жалпы мәлімет.

2018 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 649 млн. аса қаржы (2017 жылдан 30% артып отыр), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 128 067,0  теңге қаржы қарастырылды. Барлығы 42 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның 29-і қала және аудандық деңгейде іске асады.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен 13 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ауыл жастарын әлеуметтендіру, еріктілердің тиімді жұмысының жүйесін, жастардың бойында жоғары патриоттық санасын, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, педагогикалық, құрылыс, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру, жастар шығармашылығын дамыту, ҚР Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және әскери қызметін насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жұмыс жасалатын болады.

Жастар мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» жаңартылып қайта бекітілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі және Байқоныр қаласының әкімшісінің басшысымен бірлескен ісшаралар жоспары бекітілді.

Жастар ресурстық орталығының қызметі.

Облыста 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. Онда 100 маман жастармен жұмыс жасайды. Әрбір ауылдық округте жастар ісі жөніндегі 149 маман қызмет көрсетуде.

Жастар арасында өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылау, шешу механизмдерін табу мақсатында облыстық орталық жанынан Қызылорда облысының жастар маслихатының ережесі бекітіліп, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жалпы орта арнаулы мектептерде жастар маслихаттары құрылды.

Облыстағы жастар ресурстық орталықтарының жұмысының сапасын және нәтижелілігін дамыту мақсатында облыстық орталық жанынан «Жастар ресурстық орталықтарының жұмысын дамыту бойынша Үйлестіру Кеңесі» құрылды.  Ережесі бекітіліп, жоспары әзірленді.

Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысындағы түйіткілді мәселелерді талқылау және олардың шешілу жолдарын қарастыру, жастар ұйымдарынының тиімді әрі өзара іс - қимыл жасауын, олардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында Орталық жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ережесі, жоспары мен құрамы жаңартылып, қайта бекітілді.

 


Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы (2017 жыл).

Статистикалық мәліметке сәйкес, облыста Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанына 14 пен 29 жас аралығында 192 912 азамат (2016 жылдың басына 201 347 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары – 81 054 (42%), ауыл жастары 111 858 (58%) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 25 пайызын құрайды.

2017 жылы жергілікті бюджеттен 699 796 569 теңге қаржы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға бөлінді.

«Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. 2018 жылы жастарды әлеуметтендіру, жекелей жұмыстарды жүргізу мақсатында 11 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Әр түрлі санаттағы жастармен жұмыс жасаудың бірінші басымдық - оларды оқумен және жұмыспен қамту болып белгіленді.

2017 жылғы мектеп түлектерінің 97 пайызы оқумен қамтылды.

Өңірімізде 293 мектепте 14 пен 17 жас аралығында 36 197 оқушы білім алуда (8-11 сынып).

Үш жыл көлемінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 694 түлек облыс әкімдігінің арнайы грантын иеленіп отыр. Қазіргі таңда, облыс әкімінің грантымен 387 жас оқуда. 2017 жылдың өзінде грант иегерлері 165 (154-бакалавр, 11-резидентура) мектеп түлегімен толықты. Осы уақытқа дейін 116 жас оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқан.

2014 жылдан бастап Ресей Федерациясының жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл және нәтижелі әріптестік арқасында бүгінгі күні облыс мектептерінің 452 түлегі Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университеті (МИСиС), Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлері технологиялық университеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеттерінде білім алуда. Ағымдағы жылы 62 бала оқуға қабылданса, 2018 жылы алғашқы түлектер (78 студент) оқуын аяқтайды.

Атап айту қажет, 2017 жылдың 10 қарашада Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінде Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының беделді жоғары оқу орындарындағы қызылордалық бітіруші студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Сыр өңірінің тыныс-тіршілігі мен бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру, дүние жүзіндегі ғылым, техниканың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы тақырыптар қозғалды.Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасының Елшілігінде Ресей ғылым орталығы, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, И. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті және тағы басқа оқу орындарымен меморандумға қол қойылып, келісім-шарт жасалды. Меморандум аясында 2018 жылдан бастап М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті магистратура бойынша физика-математика және механика-математикалық мамандықтардан 20 грант бөлінуі жоспарлануда. Бұл бітіруші сырбойлық жастарға білім алуға үлкен мүмкіндік береді.

«Болашақ» Халықаралық бағдарламасы бойынша облыстан 25 адам шетелде оқуда және тағылымдамадан өтуде, бүгінгі күнге дейін барлығы 142 жас қатысқан.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы іске асырылғаннан бастап Қызылорда облысынан 3162 студент жоғары және орта білім беру мекемелерінде білім алуда. Жобаға қатысушылардың 41 пайызын өңірдің үлесінде. 2017 жылы 1046 түлек грант иеленді (ЖОО - 638, колледж – 408).

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан жоба бойынша ақпаратты қала мен аудандардың әр елдімекендеріндегі бітіруші түлектер арасында кеңінен насихаттық және ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы бағыттағы жұмыстарды тұрақты жүргізу мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және жастар ұйымдары өкілдерінен тұратын мобильді топ құрылып, 2017 жылғы 24-29 сәуір аралығында жоба аясында Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында білім алушы студенттердің оқу үлгірімі және тыныс тіршілігімен танысу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, барлық студенттер толық жатақханамен қамтылғандығы, оқу орнын бітірген студенттерді жұмыспен қамту немесе оқуын жалғастыру мүмкіндіктері қарастырылғандығы анықталды.

Аталмыш өңірлердегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылығы қызылордалық студенттердің білім алу деңгейінің жоғарылығы, олармен тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың орын алмағандығы және қоғамдық жұмыстардағы белсенділіктеріне тоқталды.

Өңірде мемлекеттік жастар саясаты институттары дамып келеді. Әр түрлі меншіктегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілуде. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 33, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 15 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жетекшілерінен құрылған Үйлестіру кеңесі жұмысын жүргізуде.

Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелсе, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүшелері тіркелген.

Сондай-ақ, жыл басынан 18 әр түрлі деңгейдегі әкімдер жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өткізілді (облыс, қала және барлық аудандарда).

Кеңес отырыстарында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық қарым-қатынасты тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірленіп, алда тұрған міндеттер қаралды (NEET санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстар бойынша жүргізілген мониторинг жайлы және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар және т.б.).


Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

(2017 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша)

ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес үстіміздегі жылғы ІІ тоқсанына аймағымызда экономикалық белсенді жастар 95,8 мың адам (2016 жылғы ІІ тоқсанында 97,8 мың адам), оның 4 мыңға жуық жұмыссыздар (2016 жылғы  ІІ тоқсанында 4,9 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 4,2% құрап отыр (2016 жылғы ІІ тоқсанында 5,0%). Экономикалық белсенді емес жастар – 67 100 мың адам, оның ішінде оқудағылар – 19 649 адам, үй шаруашылығында 350 адам, денсаулығына байланысты үйде – 175 адам, басқа да жағдайлармен – 2469 адам. NEET санатына жататын жастардың саны 9,5% құрады (2016 жылғы ІІ тоқсанында – 12,6%).

Өңірімізде 9 «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме, Байқоныр қаласында 1 бөлімше жастарға қызмет жасауда. Барлық қызметкерлер саны 100.

Есепті кезеңде орталықтардың ұйымдастыруымен барлығы 1079 шара ұйымдастырылып, 31 510 жас қамтылды. Әр түрлі бағыттар бойынша 5172 жасқа кеңес берілді (2365–і жұмыссыздық мәселесі, 218–і өз кәсіпкерлігін дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру, 490 мемлекеттік бағдарламалар, 42-і діни ағымдар, 101-і тұрғын үй мәселесі бойынша, 46-і – әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, 93-і – біліктілігін арттыру, 401–і психологиялық бағытта және 1416 басқа да әлеуметтік бағыттағы кеңестер).

Жыл басынан облыстық жастар ресурстық орталығымен жастарды жұмыспен қамту бойынша 9 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 2286 жасқа кеңес беру шарасы өткізілді.

Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтары тарапынан 83 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, облыста 871 жұмыс берушілерден 3406 бос жұмыс орны ұсынылды, оған 2815 жас қатысып, 2225 тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.

Жастар бастамаларына қолдау көрсету, бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету,  әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, жартылай жетім, тұл жетім жастарға тегін негізде әр түрлі бағытта оқу курстарын ұйымдастыру мақсатында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «IQ орда» оқу орталығы» ЖШС-мен  меморандумға отырды.

Қазіргі таңда Меморандум аясында 8 қыркүйектен бастап 12 мектеп оқушысы математика, ағылшын тілі, физика, химия, орыс тілі пәндері бойынша оқу курстарын бастады.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық - ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 22 тамыз күні Достық үйінде Қызылорда өңірлік XІІІ жастар Дельфий ойындары өткізілді.

Өңірлік жастар Дельфий ойындарына Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 13 номинация бойынша 100-ден астам шығармашыл жастар қатысты. Өңірлік Дельфий ойындарына Ұлттық Дельфий комитетінің атқарушы директоры Түспекова Қ. және танымал академиялық орындаушы Желтыргузов А. қатысып, академиялық орындаудан мастер-класс өткізді.

Биылғы жылғы өңірлік жастар Дельфий ойындарынан топ жарып, озып шыққан жеңімпаздар 2017 жылдың қараша айында өтетін республикалық XIIІ Ұлттық жастар Дельфий ойындарына 13 номинация бойынша 17 жеке орындаушы және 3 би ансамблі жолдама алды.

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 15 қыркүйек күні Қызылорда қаласында орналасқан «Сыр сүлейлері» аллеясында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жалпыреспубликалық жастар акциясының ашылу салтанаты өткізілді.

Аталған акция ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында, оның ішінде жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И. Құттықожаев сөз сөйлеп, қатысушыларды акцияның басталуымен құттықтады. Шараға облыс орталығындағы жоғары және кәсіптік, техникалық оқу орындарының 1200-ге жуық студент жастары қатысты. Акция барысында өңірдің жас өнерпаздары өнер көрсетіп, ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Елбасының бағдарламалық мақаласын білуге арналған викториналық ойындар өткізіліп, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, аталған акция 15-22 қыркүйек аралығында облыстың барлық елдімекендерінде өткізіліп, 100-ге жуық әр түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылды.

Акция төрт бағытта жүзеге асырылды:

- «БІЛІМ» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, ұлттық дәстүрлерді, Қазақстанның және туған өлкенің тарихын білу бойынша жалпыхалықтық іс-шаралар ұйымдастыру;

- «АСАР» бағыты бойынша зейнеткерлерге, жалғызбасты қарт кісілерге, тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, қарттар үйіне сенбілік ұйымдастыру, балалар алаңдарын жөндеуден өткізу;

- «ТАҒЗЫМ» бағыты бойынша қасиетті орындарды, тарихи маңызды ескерткіштер айналасын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу, су арналарын тазалау, әр түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыру;

- «ӨНЕР» бағыты бойынша әр түрлі субмәдениет өкілдерін тарта отырып, фестивальдер, спорттық шаралар ұйымдастыру.

Жастар арасында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды анықтау, олардың шешу жолдарын қарастыру, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстық басқармалардың, Қызылорда қаласының әкімдігінің, жергілікті полиция қызметі мен белсенді жастар ұйымдарының өкілдерінен төрт мобильді топ құрылған болатын.

Мобильді топтың жұмысы ү.ж. 12-19 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, облыс орталығында орналасқан жоғары, кәсіптік және техникалық оқу орындарының 4 жарым мыңнан астам студент жастарымен кездесулер өтті. Бүгінгі күні бұл бағыттағы жұмыстар жатақханалардағы студент жастармен жүргізілуде.

Сондай-ақ, ү.ж. 9-18 қыркүйегі аралығында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, жергілікті полиция қызметі, жастар ұйымдарының өкілдері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен қаладағы ойын-сауық орталықтарында «StopҚЫЛМЫС!» түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.


2017 жылдың І жартыжылдығында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

1. Жалпы мәлімет.

Үстіміздегі жылы «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасы» әзірленді. Жол картасына 10 бағыт бойынша 31 нысаналы индикатор енгізілді. Жол картасы аясында өңірде жастар арасында қалыптасып отырған әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында салаларалық байланыс күшейтіледі.

Сонымен қатар, жастар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» облыс әкімімен бекітілді.

Жоспар аясында қылмыстың алдын алу шараларын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген кездесулерге барлық жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, Байқоңыр қаласында, 7 ауданда, 36 ауылдық округті қамтып, оған 6000-нан астам жас тартылды. Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылық алдын алу, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мақсатында түсіндірме жүргізіліп, арнайы әзірленген бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығында NEET санаттағы жастардың модулі құрылуда. Модульдің негізгі мақсаты осы санаттағы жастардың көрсеткішінің өсу динамикасын бақылау және оларға әсер етуші факторларды анықтау, сәйкесінше олармен адресті жұмыстарды жүргізу.

2. Мемлекеттік жастар саясатының институционалды дамуы.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілді. Әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 15, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 34 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жетекшілерінен құрылған Жастар кеңесі жұмысын жүргізуде.

Орталықтың қызметкерлері мен комитет жетекшілеріне арналған жастармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері, міндеті мен мақсатын түсіндіруге бағытталған кездесу өтті.

Ү.ж. ақпан айында облыстық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында жоғары және орта арнаулы оқу орындары жанындағы жастар комитетінің жетекшілеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар-тренингке оқу орындарының жастар комитетінің жетекшілері, үйірме, клуб жетекшілері қатысты. Қатысушыларға жастармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері, жастар комитетінің міндеті мен мақсаты туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар, 20 ақпанда  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің мәжіліс залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінің білім алушы белсенді студенттері, жастар комитетінің жетекшілерімен бейнеконференциясы өткізілді. Шараның мақсаты 2017 жылғы 25 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі және 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында түсіндіру, жоғары оқу орындарының білім алушы студенттері арасында тәжірибе алмасу болып табылады. Аталған шараға барлығы 100-ге жуық жас қатысты.

Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелсе, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүшелері тіркелген. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі жұмыс жасайды.

Үстіміздегі жылғы 15 ақпанда Орталықтың мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдар және орталық мамандарының қатысуымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан жастар ұйымдарының қызметін үйлестіру кеңесін құру бойынша жиын өткізілді.

Жиын барысында жастар ұйымдарының мүшелері өз қалаулары бойынша үйлестіру кеңесінің құрамына енгізілді. Кеңес төрағасы болып, көпшіліктің дауысымен сайланды. 20-ға жуық үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. 9 наурызда орталықтың мәжіліс залында Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді.

3. Жастар ресурстық орталығының қызметі.

Облыста 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. Онда 86 маман жастармен жұмыс жасайды. Әрбір ауылдық округте жастар ісі жөніндегі 149 маман қызмет көрсетуде.

Үстіміздегі жылы облыстық орталықпен 10 бағыттан тұратын жоба жүзеге асуда. («Жас кеңесші», «Жастар қоғам назарында», «КZO fan club», «Жас Отау», «Эрудит», «Жүрек жылуы», «Жас маман», «Еріктілер мектебі», «Жастар стартап», «Біз спортты таңдаймыз»).

Жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар үшін ағылшын тілі, компьютерлік, құқықтық сауаттылық бойынша оқыту курстары жүргізілуде. Оған 174 жас қатысуда.

Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшыларының қолдауымен «Жастар ресурстық орталықтарын дамыту бойынша Жол Картасы» аясында ү.ж. қаңтар, наурыз айларында ресурстық орталық мамандарының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Бірлескен жұмыс нәтижесімен орталықтың жастармен жұмыс жасаудағы жаңа тәсілі қалыптастырылуда.

Ү.ж. мамыр айында облыстық орталықтың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (34 млн.055 мың тг), шілде айынан бастап,  орталықта жастарға арналған COWORKING, IT-CENTER, продюсерлік орталықтар және психологиялық, видео ойындар бөлмелері және түрлі спорттық секциялар жұмысын бастамақ.

2017 жылға арналған жастар саясаты саласындағы республикалық оқиғалар кестесіне және облыстық қоғамдық саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 12 шара енгізілген. Олардың ішінде  Ғани Мұратбаевтың 115 жылдығына арналған Халықаралық жастар форумы, Республикалық еңбек маусымының ашылу салтанаты, облыс жастарының форумы және тағы да басқа жастарға маңызды ісшаралар қамтылды.


Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы 
 
1 қаңтар 2017 жылы «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастады.
1.Жалпы статистикалық мәлімет.
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
2016 жылғы ІІІ тоқсанына аймағымызда экономикалық белсенді жастар 100,5  мың адам (15-28 жас аралығындағы), оның 4 900 азаматы жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандар – 95 600, жалдамалы қызметкерлер – 51 200, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер – 44 400. 
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%, NEET санатына жататын жастардың саны 12,9% құрады (экономикалық белсенді емес - 62,6 мың адам, оның ішінде оқудағылар - 47,8 мың адам, үй шаруашылығында - 2 278 адам, денсаулығына байланысты - 948 адам, басқа мәселелер бойынша – 11 497 адам).
2.Қаржыландыру көлемі.

Үстіміздегі жылы жастар саясатын жүзеге асыруға 515 млн. 754 теңгеге жуық қаржы қарастырылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 192 млн. 450 теңге қаржы қарастырылды (133,2 млн.теңге). Барлығы 43 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның 26-ы қала және аудандық деңгейде іске асуда.

Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 109 млн. 070 мың теңге қаржы бөлінді.  
3.Жастарға қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету 
Қазіргі таңда 95% мектеп түлектері колледждер мен ЖОО-да білім алуда.
Қызылорда облысынан «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша
3631 студент жоғары және орта білім беру мекемелерінде оқуда.
Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде Мәскеу және Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарында 419 сырбойылықтың білім алуына жағдай жасалды. 2017 жылы халықтың осал топтарынан шыққан 512 студентке облыс әкімінің білім гранты тағайындалды.
4.Жастар комитеттері мен ҮЕҰ.
Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 34, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 15 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жетекшілерінен құрылған Жастар кеңесі жұмысын жүргізуде.
Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелсе, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүшелері тіркелген. 
5.Жастармен адресті жұмыс.
2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жанынан заңды тұлға ретінде құрылған 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасауда (9 - «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, 1 - Байқоңыр қаласында бөлімше)
Жастарды жұмыспен қамту мақсатында облыстық орталық жанынан ашылған рекрутинг орталығы қызметін атқаруда. 
NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту мақсатында ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасау және жастар арасындағы жұмыссыздықты жою бойынша салааралық іс-шаралар жоспары аясында 
жасалған NEET санатына жататын жастар дерек қоры бойынша жұмыс жүргізілуде.Базаға енген жастар маусымдық жұмыстарға,«Нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тартылады.
Барлық орталықтар қызметкерлерімен ү.ж. қаңтар айында 35 шара ұйымдастырылды, атап айтқанда, жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу - 21 кездесу, «Дүниежүзілік қысқы Универсиада – 2017» ойындарына орай эстафеталық жарыс, 2 кездесу, 2 акция, «Жайдарман» ойыны, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша 6 кездесу мен акция, оқушылар Парламентінің отырысы өткізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы әзірленуде.
Құрылған күні: 28-01-2017 12:37
Жаңартылған күні: 09-04-2018 09:09

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика