ЭНЕРГЕТИКТЕР ДОП ТЕПТІ
Қызылорда қаласындағы №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар–жасөспірімдер мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне және Энергетиктер күніне арналған шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті. Оған аймақтағы энергетика саласындағы құрылымдарда жасақталған 13 команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорындысымен «КЕГОК» АҚ командасы турнир жеңімпазы атанса, жүлделі екінші және үшінші орындарды «Қызылорда жарығы» ЖШС және «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС кәсіпорындарының командалары бөлісті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ үздік деп танылған ойыншыларға  номинациялар бойынша сыйлықтар тапсырылды.
 
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика