Қ.ЫСҚАҚОВ: МӘСЛИХАТ - ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен ҚР мәслихаттарының25 жылдығына арналған "Жергілікті өкілді орган-мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына облыстық мәслихаттың бұрынғы хатшылары, ардагерлер, облыстық мәслихаттың 1-6 шақырылым депутаттары, аудандық мәслихаттардың 1-6 шақырылым хатшылары, ғалым-ұстаздар  қатысты. 
Мәслихаттар институтының негізі 1993 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде қаланды. Осыған орай, 1994 жылдың наурызынан бастап оған дейін жергілікті мәслихаттар қызметін атқарып келген облыстық, қалалық, аудандық кеңестердің уәкілеттілігі өкілді орган – мәслихаттарға берілді. 
Конференция ашылуында «Жергілікті өкілді орган – мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі», «Халықтың өмір сүруін қамтамасыз етудегі жергілікті өкілді басқарудың рөлі мен маңызы», «Мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер – өзін өзі басқару жүйесінің негізі»  тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.
"Мәслихат халық пен билік арасындағы алтын көпір бола отырып, өздерінің өкілеттік шеңберінде көптеген өзекті мәселелерді, қиын түйткілдерді, қордаланып қалған проблемаларды шешуге ықпал етті. Тәуелсіздікпен бірге толысып, билік буынымен берік, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатқан мәслихаттарға биыл 25 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас қағым сәт болуы мүмкін. Алайда, өткен күндердің өлшемімен қарағанда осы уақыт аралығында халық игілігі үшін қаншама қыруар тірлік атқарылғанын аңғару қиын емес",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов. 
Сонымен қатар, конференция барысында  аймақ басшысы Қ.Досмайылұлы бірқатар халық қалаулыларын "Nur Otan" партиясының "Белсенді қызметі үшін" төс белгісімен, "Құрмет грамотасымен", және " Алғыс хаттармен" марапаттады.
 
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика