ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ "СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫ"  АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келді. Аймақ басшысы Қ. Ысқақов пен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы   А. Шпекбаев облыс орталығында жаңадан бой көтерген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің "сервистік орталығының" ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар, сол жағалаудағы бірқатар нысандарды аралап  көрді.
"Мемлекет Басшысы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша нақты міндеттерді белгілеп, негізгі бағыттарды айқындады. Жаһандану заманында мемлекеттің аса маңызды тапсырмаларын орындайтын осындай органға біз барынша қолдау көрсетуіміз қажет. Мінекей осы мақсатта, жергілікті бюджеттен 62 млн. теңге бөлініп, Қызылорда қаласында «Сервистік орталық қызметінің» жаңа ғимараты бой көтеріп отыр. Жаңа заман талабына сай салынған бұл ғимаратта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен халық арасындағы байланыс одан әрі нығайтылып, жаңа қарқынмен жұмыс жасайтындығына сенімдімін. Сондықтан, орталықтың ашылуы Сыр еліне пайдалы болмақ",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Ары қарай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы  "Кәсіпкерлер үйінің" жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен кездесті. Еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырлған кездесуде, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, «Далатекс» серіктестігінің директоры Ділмұхамед Абизов, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққар қарсы күрес кеңесінің төрағасы, Болат Нұрқожаев,  «КазСпецСтройЭкспертиза» серіктестігінің директоры Гүлзағира Әбдіраймова кәсіпкерлік саласын қолдаудағы оң өзгерістерге тоқталып,  ұсыныс- пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Алик Жатқамбайұлы сол жағалауда орналасқан облыстық "Жастар ресурстық орталығының" жұмысымен танысып, "Ақынның қаламы- адалдық алаңы" атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттады. Естеріңізге сала кетейік аталмыш байқау 2019 жылдың 16 қазан күні бастау алған болатын. Осы кезеңге дейін 62 өлең мен 55 үміткер бақ сынаған.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев  29 қазан күні облыс орталығындағы  бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, Шиелі ауданындағы "Гежуба Шиелі Цемент" зауытының жұмысымен танысады деп жоспарлануда. 
 
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика